Теннис

Уимблдондағы жастар арасындағы турнирде Жиенбаева үшінші айлаымға жетті

Уимблдондағы жастар арасындағы турнирде Жиенбаева үшінші айлаымға жетті
Remy Chautard / FFT

Қазақстандық Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда жасөспірімдер арасында ITF 19-ракеткасы, жапониялық Эни Койкемен ойнады. Алғашқы сет 6:3 есебімен Соняның пайдасына аяқталғаннан кейін матч жаңбырға байланысты кейінге қалдырылды.

Матч жалғасқаннан кейін Жиенбаева екінші сетте де басым түсті - 6:4.

Енді Жиенбаева ширек финалға өту үшін словакиялық Рената Ямриховамен  кездесу өткізеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар