Футбол

"Барселона" Левандовскиді алдағы жазда сатып жібермек

Twitter/FC Barcelona

Роберт Левандовски "Барселона" сапынан кетуі мүмкін. Бұл туралы El Chiringuito TV телеарнасы хабарлап отыр. 

Мәлімет бойынша, каталондықтар 35 жастағы польшалықты алдағы жазда трансферге қоймақ. Ал өткен трансферлік кезеңде Левандовскиге Сауд Арабиясы чемпионатындағы клуб қызығушылық білдірген. 

Биылғы маусымда Роберт Левандовски 17 матчке қатысып, сегіз гол соқты және төрт ассист жасады.

Басқа спорттық жаңалықтар