2024 Еуропа Чемпионаты

Нидерландымен матчте Англия жеңісті 91-минутта жұлып алды

Нидерландымен матчте Англия жеңісті 91-минутта жұлып алды
Reuters

Англия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының финалына өтті. Дортмундта өткен 1/2 финал матчінде Гарет Саутгейт жаттықтыратын команда Нидерланды құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Ойынның жетінші минутында голландиялықтарс апынан жартылай қорғаушы Хави Симонс есеп ашты. Алайда көп ұзамай Харри Кейн айып добын сәтті орындады - 1:1. Ал жеңіс голын англиялықтар қосымша уақытта салды. 91-минутта Олли Уоткин шешуші голды соқты. Бұған дейін финалға Францияны ұтқан Испания құрамасы өтті. Енді финал 14 шілдеде өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар