Футбол

Килиан Мбаппе бомбардирлер жарысында Роналдудан асып түсті

Килиан Мбаппе бомбардирлер жарысында Роналдудан асып түсті

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе биылдыққа 49-голын салды, осылай франциялық ойыншы ең үздік сұрмергендер тізімінде Кариштиану Роналдудан асып түсіп отыр.

Франция чемпионатындағы "Гаврмен" ойында (2:0) Мбаппе есеп ашты. Бұл оның чемпионаттағы 15-голы, осы арқылы ол Лига 1-де бірінші орнын нықтап алды. Өйткені Мбаппе екінші орындағы "Монпельедегі" Акор Адамстан сегіз гол озып отыр.

Осылайша, Мбаппе 2023 жылы голдар саны бойынша (клуб және құрама үшін) мюнхендік "Бавария" шабулышысы Харри Кейнді қуып жетті (49). Енді бұлардан тек "Манчестер Ситидің" норвегиялық форварды Эрлинг Холанд қана асып тұр (50).

Басқа спорттық жаңалықтар