Футбол

«Манчестер Юнайтед» ойыншыларының Эрик тен Хагтан әбден көңілі қалды

«Манчестер Юнайтед» ойыншыларының Эрик тен Хагтан әбден көңілі қалды
AP © Jon Super

«Манчестер Юнайтед» ойыншыларының команда бапкері Эрик тен Хагтан көңілі қалды, деп жазады Sky Sports.

Англия чемпионатының 14-турында команда «Ньюкаслдан» ұтылып қалды (0:1). Осыдан кейін футболшылардың көбі "МЮ-дің" ойын стиліне наразылығын білдіре бастады. Сонымен қоса, оларға жаттығудағы жүгіре беру стилі ұнамайды екен. 

Одан бөлек маманның жартылай қорғаушы Джейдон Санчоны негізгі ққұраммен жаттығудан шеттеп тастағаны да өзге ойыншыларға ұнамай отыр. 

53 жастағы голландиялық бапкер «Манчестер Юнайтедті» 2022 жылдың шілдесінен жаттықтырып келеді. АПЛ-дегі 14 тур қорытынысы бойынша "МЮ" 24 ұпаймен турнир кестесінде тек жетінші. 

Басқа спорттық жаңалықтар