Футбол
Golden Boy марапатын жеңіп алған Беллингем "Реал" туралы ойын айтты

UA-Football
«Реалдың» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем Golden Boy-2023 сыйлығын табыстау шарасында мадридтік клуб туралы ойын айтты.
«Golden Boy марапатын ұтып алғанымды мақтан тұтамын. Менің сырым - жауапкершілік, өйткені бал кезімнен Англияда білім алдым. Бұл істі жақсы көремін. Әр күн сайын жақсарып, «Реалға» көмектескім келеді. «Реал» - әлемдегі ең мықты. Осы командада ойнай алатынымыа қуаныштымын», - деп береді футболшының сөзін журналист Фабрицио Романо.
20 жастағы Беллингем «Реал» сапына дортмундтық «Боруссиядан» жазда өткен болатын. Мадридтіктер сапында ол 17 матчте 15 гол салды және 4 нәтижелі пас берді.