Футбол

Қазақстандық футболшы Еуропалық команда үшін алғашқы голын салды

Қазақстандық футболшы Еуропалық команда үшін алғашқы голын салды
ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов "Силькеборг" командасы сапындағы бірінші голын соқты. Ол Нидерландтың "Зволле" командасына қарсы жолдастық кездесуде пенальтиді сәтті орындады.

Рамазан ойынның 31-минутында есепті 2:0-ге жеткізді. Ол жаңа командасындағы екінші ойында пенальтиден гол соқты.

Айта кетейік, Рамазан дат командасына "Ақтөбеден" ауысып барды. Келісімшарт мерзімі 2027 жылдың жазына дейін жасалды.

Басқа спорттық жаңалықтар