Теннис
Кукушкин Брауншвейгтегі Челенджерді сәтті бастады
olympic.kz
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Брауншвейгтегі (Германия) Челленджер турнирін жеңіспен бастады.
Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда әлемнің 152-ракеткасы, аустриялық Юрий Родионовпен кездесті. Бірінші партияда 6:3 есебімен Родионов басым түскенімен, одан кейін Кукушкин камбэк жасай білді – 7:5, 6:3.
Екі сағат 25 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Кукушкин 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Родионов 5 эйс, 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.
Енді Кукушкин ширек финалға өту үшін осы жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген чилилік Кристиан Гаринмен ойнайды.