Футбол

"Реал" Модрич Сауд Арабиясына кетеді деген қауесетке қатысты пікір білдірді

Мадридтік "Реалдың" директоры Хосе Анхель Санчес комаеданың жартылай қорғаушысы Лука Модричтің испаниялық клубтан кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.


"Модрич қаңтарда Сауд Арабиясына кетема? Луканың Сауд Арабиясы чемпионатына өтуіне қатысты ешқандай келіссөз жүріп жатқан жоқ. Қазіргі таңда оның командадан кетеді деп ойламаймыз", - деді клуб директоры.


38 жастағы Хорватия құрамасының капитаны "Реал" сапында 2012 жылдан бері ойнап келеді, оның испаниялық клубпен қазіргі келісімшарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. 

Басқа спорттық жаңалықтар