Жүзу

Әртістік жүзуден әлем кубогінде қазақстандық спортшы күміс жеңіп алды

Әртістік жүзуден әлем кубогінде қазақстандық спортшы күміс жеңіп алды
olympic.kz

Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогінің финалында тағы бір қазақстандық спортшы жеңіс тұғырына көтерілді.

Еркін бағдарлама бойынша жекелей сында өнер көрсеткен Виктор Друзин күміс жүлдегер атанды.

Бұған дейін Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы да күмісті қанағат тұтқан болатын.

Сондай-ақ, акробатикалық бағдарлама бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль иеленді.

Басқа спорттық жаңалықтар