2024 Еуропа Чемпионаты

6 минутта камбэк жасады. Түркияны ұтқан Нидерланды жартылай финалға өтті

6 минутта камбэк жасады. Түркияны ұтқан Нидерланды жартылай финалға өтті
x.com/OnsOranje

Нидерланды мен Түркия құрамалары Еуро-2024 турнирінің жартылай финалына жолдама үшін матч өткізді. Командалар 1/4 финалдық ойынды Берлиндегі "Олимпиаштадионеде" өткізді.

35-минутта Түркия құрамасының орталық қорғаушысы Самет Акайдын баспен гол салды.

Нидерланды 70-минутта орталық қорғаушы Стефан де Врейдің күшімен есепті теңестірді.

76-минутта Коди Гакпо голландиялықтардың есебін еселеді.

Осылайша, Рональд Куман жаттықтыратын команда Еуроның 1/2 финалына өтіп, енді Англиямен ойнайды. Өзге матчте Испания мен Франция кездеседі.

Басқа спорттық жаңалықтар