ММА

Нокаутқа түскен Бобби Грин мәлімдеме жасады

Нокаутқа түскен Бобби Грин мәлімдеме жасады
FightTime

UFC-дің жеңіл салмақ рейтингінде 13-орында тұрған америкалық файтер Бобби Грин (31-15) қарсыласы Джалин Тернерді (14-7) UFC on ESPN 52 турниріндегі жеңісімен құттықтады.

"Жеңіс болады, жеңіліс болады... Жеңісте де, жеңілісте де ер болып қалу керек ененін адамдарға көрсетуім керек. Джалинді құттықтаймын. Сен өз ісіңді жасадың, бауырым. Сен үшін қуаныштымын. Жекпе-жекке аз қалғанда келісіп, жеңіп шықтың - бұл керемет. Менің барлық жанкүйеріме... бұл карьерамдағы бір кезең ғана. Мен әрі қарай да осылай жалғастыра беремін. Ешқайда кетпеймін", - деп жазыпты Грин әлеуметтік желіде. 

Айта кетейік, АҚШ-тың Остин қаласында 2 желтоқсанда өткен UFC on ESPN турнирінде Тернер қарсыласы Гринді бірінші раундта нокаутқа түсірді. 

Басқа спорттық жаңалықтар