ММА

Чимаев өзін "жақтырмайтын" UFC чемпионына жауап берді

Чимаев өзін

Орта салмаққа өткен швециялық файтер Хамзат Чимаев (13-0) осы дивизионда UFC чемпионы америкалық Шон Стриклендтің (28-5) өзі туралы айтқанына қатысты жауап берді. 


Бұған дейін Стрикленд БАӘ атынан өнер көрсете бастаған тегі шешен Чимаевті чемпиондық айқасқа лайық емес екенін, онымен тек ақша үшін жекпе-жекке шығатынын айтқан еді. 


"Сен келесісің. Уайымдама, сені жылдам жеңе салатынымды білесің ғой", - деп жазыпты Чимаев Х әлеуметтік желісінде. 


Еске салайық, Абу-Дабиде өткен UFC 294 турнирінде Чимаев тегі нигериялық Камару Усманды (20-4) төрешілер шешімімен жеңген еді. 

Басқа спорттық жаңалықтар