Футбол

"Челсидің" бас бапкері қызыл қағаз түріндегі жазаға қатысты ойын айтты

AFP

"Челсидің" бас бапкері Маурисио Почеттино жартылай қорғаушы Конор Галлахердің Англия чемпионатының 14-турындағы "Брайтонмен" матчте (3:2) қызыл қағазбен жазаланғанына қатысты ойын айтты.  

"Неге қосымша уақытқа 14-15 минут береді? Біз жас командамыз. Бізге қызыл қағаздармен мұндай тәжірибені тастау кекрек", - деп береді маманның сөзін журналист Фабрицио Романо.

Аталған матчтен кейін "Челси" 19 ұпаймен АПЛ-де оныншы орында. Биылғы маусымда команда үш рет қызыл қағазбен жазаланған екен.

Басқа спорттық жаңалықтар