Теннис

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте позиция жоғалтты

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте позиция жоғалтты
USA Today Sports

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингін жариялады.

Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елены Рыбакина төртінші сатыда қалды. Юлия Путинцева да өз орнында - 68-орын. Топ-3 тізім де өзгермеді: Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Кори Гауфф (АҚШ).

Ал жұптық сында Рыбакина бір саты төмендеп, 123-орынға тоқтапты. WTA рейтингінің бірінші және екінші орны өзгермеді - Сторм Хантер (Аустралия) және Элизе Мертенс (Бельгия), ал үшінші орынды Джессика Пегула мен Кори Гауфф (екеуі де АҚШ) бөлісіп отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар