Футбол

"Бавария" президенті Нойердің болашағына қатысты мәлімдеме жасады

FC Bayer

"Бавария" футбол клубының президенті Герберт Хайнер жарақатынан жақында сауыққан шабуылшы Мануэль Нойердің болашағына қатысты ойын айтты. 

"Нойердің ұзақ уақыттан кейін қайтып оралғанына қуаныштымыз. Ол өзінің бұрынғы деңгейіне жету үшін әрекеттеніп жатыр. Нойер әлемдегі ең мықты қақпашы және Германия құрамасының бірінші нөмірі атағын қайтарып алу жолында", - деп береді Хайнердің сөзін Bild.

37 жастағы қақпашының "Бавариямен" келісімшарты жыл соңына дейін есептелген. Ал Нойер жарақат алып қалғанда Германия құрамасында бірінші қақпашы Марк-Андре тер Штеген болды. 

Басқа спорттық жаңалықтар