0

Қазақстандық конькишілер Әлем кубогында екі алтын мен екі күміс жеңіп алды

Қазақстандық конькишілер Әлем кубогында екі алтын мен екі күміс жеңіп алды
kazsports.kz

Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем Кубогының 2-кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста 2 алтын, 2 күміс жүлдеге қол жеткізді. Нео-сеньорлар арасында (23 жасқа дейінгі конькишілер) 500 метрге жарыста Маргарита Артемьева 40.04 секунд уақыт көрсетіп жеңімпаз атанса, Инесса Шумекова 40.27 нәтижесімен күміс жүлдеге ие болды. Ал қола жүлде Нидерланд өкілі Вильде Баасқа (40.96 секунд) бұйырды.

Бұл жарысқа 27 елден 230 спортшы қатысқанын айта кетейік.

Басқа спорттық жаңалықтар