ММА

UFC чемпионы Хамзат Чимаев туралы ойын ашық айтты

UFC чемпионы Хамзат Чимаев туралы ойын ашық айтты

Орта салмақта UFC чемпионы америкалық Шон Стрикленд жартылай орта салмақтан көтерілген тегі шешен швециялық Хамзат Чимаев туралы не ойлайтынын ашық айтты. 


"Чимаевтің маған бір нәрсесі ғана ұнайды, оның жекпе-жектерді жақсы сататыны. Неге екенін білмеймін, ол адамдарға қатты ұнайды, я болмаса ұнамайды, онысын анық білмеймін. Мен үшін ол үлкен чек қана - ол көп жекпе-жектерді жақсы өткізіп жатыр. Адамдар оның төбелесін көру үшін ақша төлейді, бірақ шынын айтқанда ол чемпиондық айқасқа лайық емес", - деп береді Стриклендтің сөзін  "Вестник ММА".

Басқа спорттық жаңалықтар