0

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан ӘЧ-де Украинадан ұтылды

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан ӘЧ-де Украинадан ұтылды
Anze Malovrh / kolektiff

Бүгін гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Украинамен кездесті, деп хабарлайды Kazınform.

Қазақстандық гандболшылар G тобында сынға түсті. Қарсыластары – Бразилия, Испания және Украина. Екі құрама жүлделерді сарапқа салуға мүмкіндік алатын плей-офф кезеңіне үшінші жолдамаға таласты. Екі кезеңнің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы қарсыласына 24:37 есебімен есе жіберді.

Еске салайық, бұдан бұрын ел құрамасы Испаниядан 17:34, Бразилиядан 16:46 есебімен жеңіліп қалды. Енді ел құрамасы 25-32 орындар үшін сайысқа түсетін құрамалардың қатарына қосылды.

Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатына жетінші мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші – 2007 жылғы 18-орын.

Басқа спорттық жаңалықтар