Бокс

Қазақстандық бұрымды боксшы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық бұрымды боксшы әлем чемпионы атанды
Instagram/boxingkazakhstan

Қазақстандық бұрымды боксшы Аяжан Сыдық Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп жазады Sports.kz.

54 келіге дейінгі салмақтағы шешуші айқаста Аяжан үндістандық Амиша Керкеттамен жұдырықтасып, 5:0 есебімен таза жеңіске жетті. Осылайша, Аяжан Сыдық әлем біріншілігінің алтынан жеңіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үшін бұл аталған турнирдегі алғашқы алтын болды. Одан кейінгі финалда Толғанай Қасымхан мен Алина Құдайгенова да алтын жеңіп алды. Осылай Қазақстан қоржынына бұл жарыста үш алытн түсті. 

Басқа спорттық жаңалықтар