Футбол

Аргентина жасөспірімдер Әлем Чемпионатында жеңіліс тапты

Аргентина жасөспірімдер Әлем Чемпионатында жеңіліс тапты
©twitter.com/GOAL_ID

Кеше, 1 желтоқсанда Индонезияда 2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Аргентина (U-17) және Мали (U-17)командалары арасында үшінші орын үшін кездесу өтті.

Суракартадағы кездесу Мали командасының 3-0 жеңісімен аяқталды. Голдарды Ибрахим Диарра (9-минутта), Мамаду Думбия (45-ші) және Хамиду Макалу (48-ші) соқты.

Финалда Германия мен Франция ойнайды. Мундиалдың жеңімпазы 2 желтоқсанда анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, турнир бастапқыда Перуде өтуі керек еді, бірақ 2023 жылдың 3 сәуірінде инфрақұрылымның дайын болмауына байланысты бұл ел әлем чемпионатын қабылдаудан бас тартты. 23 маусымда Индонезия оны өткізу құқығын алды.




Дереккөз: vesti.kz

Басқа спорттық жаңалықтар