Хоккей

Иван Кучин Қазақстан чемпионатында 500 кездесу өткізді

Иван Кучин Қазақстан чемпионатында 500 кездесу өткізді

"Ақтөбе" форварды Иван Кучин Қазақстан чемпионатында 500 матчты өткізді. Оның мерейтойы 30 қарашада өткен "Құлагерге" қарсы кездесу болды.

Осы 500 матчта Магнитогорск қаласының 35 жастағы тәрбиеленушісі 386 (121+265) ұпай жинады. Бұған дейін хоккейші "Арлан", "Номад", "Бейбарыс" және "Торпедо"түстерін қорғаған.

Өткен маусымда Иван Кучин Андрей Спиридоновтың (257) рекордын жаңартқан кезде Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең үздік ассистент атанды.



Дереккөз: shaiba.kz

Басқа спорттық жаңалықтар