Футбол

Колумбияда "Депортиво Кали" ойыншысы Гутиеррестің әйелдердің бөкселерін ұрғаны үшін 4 матчқа шеттетілді

Колумбияда

Колумбияда ойыншы стадионда әйелдің бөксесін ұрғаны үшін дисквалификацияланды.

Жазаланған "Депортиво Кали" шабуылшысы Теофило Гутиеррес болды. Колумбия құрамасы мен "Спортингтің" бұрынғы ойыншысы 26 қарашаға қараған түні өткен "Толима Депортесімен" Колумбия чемпионатының көшпелі матчында өзін дұрыс ұстамады.

"Матч кезінде біз барлық жағынан өте маңызды және нәзік деп санайтын оқиға болды. Бізге хабарлағандай, Теофило Гутиеррес үзіліс кезінде киім ауыстыратын бөлмеге бара жатып, әйелдің денесінің интимдік бөліктеріне қолын тигізіп, оның бөкселерін қағып жіберді. Әйел матчты ұйымдастыруға көмектесу үшін жалданған болатын. Гутиеррес үзілістен кейін алаңға қайта шыққан кезде қорлау әрекетін қайталады. Бұған БАҚ қызметкері және матчты таратқан компания операторларының бірі куә болды. Олар болған оқиғаны растады.

Тәртіптік комитет Гутиересті 4 матчтан шеттетіп, бір миллион бес мың песо айыппұл салуға шешім қабылдады (шамамен 110 мың тенге – Bigsport.kz)", - делінген Колумбия лигасының тәртіптік комитетінің мәлімдемесінде.




Дереккөз: infobae.com

Басқа спорттық жаңалықтар