ММА

Хабиб Махачевтен нокаутқа түскен Волкановскиге үн қатты

Хабиб Махачевтен нокаутқа түскен Волкановскиге үн қатты

UFC-дің Құрмет залына аты жазлыған, жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Хабиб Нурмагомедов ұйымның жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Александр Волкановскиге үн қатты, деп хабарлайды  "Чемпионат".


Еске салайық, 21 қазан Абу-Дабиде өткен UFC 294 турнирінде Волкановски Ислам Махачевтен нокаутпен жеңіліп қалды. Бұл Махачев пен Александр арасындағы екінші айқас еді. Ақпанда өткен бірінші кездесуде де Ислам төрешілер шешімімен басым түскен. 


"Алексті қатты құрметтейміз және оған бар жақсылықты тілейміз. Ол жақсы адам және жүрегі кең ұлы чемпион", - деп жазыпты Хабиб әлеуметтік желіде. 

Басқа спорттық жаңалықтар