Кәсіби бокс

Қазақстандық кәсіпқой Батыр Жүкембаевтың келесі қарсыласы белгілі

Қазақстандық кәсіпқой Батыр Жүкембаевтың келесі қарсыласы белгілі
instagram.com/batyr_jukembaev

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (21-1, 16 KO) 13 желтоқсан күні жекпе-жекке шығады.

Бокс кеші Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өтеді. Батырдың қарсыласы – франциялық Мұхамед Мимун (23-5, 4 КО) болады.

Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Қазақстандық боксшы кездесудің ресми постерін жариялап, жанкүйерлерін құлақтандырды.

Айта кетейік, 21 қыркүйек күні Батыр дәл осы Плант-Ситиде аргентиналық Уго Альберто Ролданды жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта WBA NABA атағын жеңіп алған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар