Теннис
Қазақстандық теннисші Сағындықова Тунистегі ITF турнирінің екінші айналымында ұтылды
Aikyn.kz
Әлемнің 792-ракеткасы саналатын қазақстандық теннсиші Аружан Сағандықова Монастир (Тунис) ITF турнирінің екінші айналымында сүрінді.
Сағандықова ширек финалға жолдама үшін әлемдік рейтнгте 347-сатыда тұрған және жарыстың 1-ракеткасы саналатын румыниялық Андреа Присакариумен кездесіп, қарсыласынан 6:2, 4:6, 6:0 есебімен ұтылды.
Еске салайық, бірінші айналымда Аружан дүниежүзілік рейтингіде 929-орында тұрған италиялық Камилла Санолинимен шеберлік байқасып, оны 6:4, 6:2 есебімен ұтқан болатын.