Футбол

"Челси" көз тігіп отыр. "Арсенал" қақпашының кетуіне рұқсат берді

FC-Arsenal.com

Англиялық "Арсенал" футбол клубының қақпашысы Аарон Рамсдейл лондондық командадан кетуі ықтимал.

DeadlineDayLive мәліметінше, лондондық клуб голкиперге маусым соңында жаңа команда іздеуге рұқсат береді. Алайда Ааронның өзі командадан алдағы трансферлік кезеңде кеткісі келеді екен. 

Рамсдейл осы маусымда "Арсеналдың" бірінші қақпашысы болмай қалды. Голкиперге қазіргі таңда "Челси" көз салып отырған көрінеді. 

Бұған дейін TEAMtalk баслылымы Рамсдейлдің тарнсферлік құны 60 миллион фунт стерлингке бағалаған.

Басқа спорттық жаңалықтар