Футбол

"Астана" Конференция лигасындағы маңызды матчте есе жіберді

instagram.com/fca.astana

Ал "Астана" Конференция лигасының топтық кезеңі аясында загребтік "Динамодан" маңызды матчта жеңіліп қалды.

Бесінші турдың кездесуі "Астана Арена" стадионында өтіп, қарылас команданың жеңісімен (2:0) аяқталды.

Матчта жеңіске жеткен команда сапынан Габриэль Видович (48-минут) және Такуро Канэко (79-минут) гол соқты.

Бұл жеңісінің арқасында динамолықтар алты ұпай жинап, С тобында соңғы, төртінші орыннан екінші орынға көтерілді, ал астаналықтар төрт ұпайпен, үшінші орынға жайғасты.

Басқа спорттық жаңалықтар