Паразиада-2022

Ханчжоуда Қазақстан қоржынына 11-жүлде түсті

Ханчжоуда Қазақстан қоржынына 11-жүлде түсті

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті. 


Пауэрлифтинг сайысында 45 келіге дейінгі салмақта Гүлім Құрманбаева 91 келі көтеріп, қола жүлдегер атанды. Бірінші орынға Цюй Чжэ шықты, ол осы жарыстың рекордын онатып, 116 келі көтерді. Екінші орында индонезиялық Ненга Видиасих (98).


Осымен қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 11 жүлде бар, оның екеуі алтын, төрт күміс және бес қола.


Азия пара ойындары 28 қазанда аяқталады.

Басқа спорттық жаңалықтар