Футбол

Биыл алғаш өткізіліп отырған Лига кубогінің екінші туры бүгін басталады

Биыл алғаш өткізіліп отырған Лига кубогінің екінші туры бүгін басталады
realnoevremya.ru

Бүгін футболдан Лига кубогы турнирінің екінші туры басталады. Биыл алғаш рет жалауын көтерген турнирде 16 команда 4 топта сынға түсіп, әрқайсысы 3 ойыннан өткізіп жатыр.

Бүгін, 5 шілдеде С тобында сағат 20:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» командалары жасыл алаңға шығады. Бұл топтағы «Ордабасы» (Шымкент) мен «Елімай» (Семей) кездесуі 6 шілдеде сағат 20:00-ге жоспарланған.

6 шілдеде В тобында 18:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе», 20.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жеңіс» (Астана) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ 7 шілдеде А тобында 17:00-де «Ақжайық» пен «Тараз», «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайрат» (Алматы) кездеседі. Дәл сол күні D тобында 20:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Астана» мен «Каспий» (Ақтау) сынға түседі.

Айта кетсек, жартылай финалда 10-11 тамыз бен 30 қазанда А мен В, С мен D топтарының жеңімпаздары ойнайды. Финал 24 қарашаға жоспарланған. Еске салсақ, бұдан бұрын Лига кубогының бірінші тур ойындары өткізілді.

Басқа спорттық жаңалықтар