Теннис
Скатов Франциядағы челенджердің жартылай финалына бір қадам қалды
ҚТФ
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Труадағы (Франция) челленджер турнирінің ширек финалына өтті.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 341-сатыда тұрған франциялық Матис Эрхардті 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Бір сағат 35 минутқа созылған матчта Скатов 5 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Эрхард 3 эйспен (8 брейк-пойнт) шектелді.
Тимофей Скатов енді турнирдің жартылай финалына жету үшін әлемнің 352-ракеткасы, чехиялық Йонас Форейтекпен матч өткізеді.