Теннис

Путинцева Уимблдонда Олимпиада чемпионын ұтты

Путинцева Уимблдонда Олимпиада чемпионын ұтты
ktf.kz

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингіде өзінен бір саты төмен тұрған чехиялық Катержина Синяковамен өткізді.

Бір сағат 38 минутақа жалғасқан ойында Путинцева 6:0, 6:2 есебімен басым түсті. Бұл матчте Юлтия 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін құр жіберген жоқ. Синякова 1 эйс, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.

Айта кетейік, Синякова – жұптық сында әлемдік рейтингіде көш бастап, Токио олимпиадасының чемпионы атанған.

Енді төртінші айналымға өту үшін қазақстандық теннисші әлемнің 1-ракеткасы, польшалық Ига Швентек пен 85-сатыдағы хорватиялық Петра Мартич кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.


Басқа спорттық жаңалықтар