2024 Париж Олимпиадасы

ХОК Париж Олимпиадасы "өтпейді" дегенге қатысты мәлімдеме жасады

ХОК Париж Олимпиадасы
olympic.kz

Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) Парижде өтуі керек жазғы Олимпиада ойындарының болмай қалуы жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

Олимпиаданың өтпей қалуы туралы сыбыстар Франциядағы парламент сайлауының бірінші турынан кейін жаппай наразылық өршіп кеткен соң тарады.

Тіпті Le Point газеті басталарынан үш апта бұрын Олимпиададан бас тартуға тура келетінін жазған екен. Газеттің мәліметінше, бұған себеп - Франция президенті Эммануэль Макронның сайлаудан кейін елде азаматтық соғыс туындау қаупі бар деген сөзі екен.

"Францияға, ХОК, оның президенті мен Олимпиадаға қарсы кері ақпарат тарату жүріп жатқаны анық. Бұл мәлімет ешбір дәлелге негізделмеген. ХОК президенті және олипиадалық барлық қозғалыс Париждегі Олимпиаданы тағатсыздана күтуде", - делінген ХОК хабарламасында.


Басқа спорттық жаңалықтар