Қазақстан футбол Премьер-лигасы
«Ордабасы» колумбиялық футболшыны жалға алды
«Ордабасы» ФК
Шымкенттік «Ордабасы» колумбиялық 26 жастағы қорғаушы Кристиан Товарды сапына қосты.
Товар «Ордабасыға» өткен маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен молдовалық «Шериф» клубынан өтті. Қорғаушы Молдованың жоғары лигасында 9 матч өткізіп, 2 гол соқты.
Беделді Transfermarkt сайтының мәліметінше, футболшы шымкенттік клубқа жалға алу құқымен келді. Оның трансферлік құны 750 мың еуроға бағаланып отыр.