Теннис

Бублик Уимблдонның үшінші айналымына дейін жетті

Бублик Уимблдонның үшінші айналымына дейін жетті
REUTERS / BENOIT TESSIER

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 98-орында тұрған франциялық Артур Казомен екі сағат 6 минуты ойнап, 6:4, 7:6 (7:1), 6: есебімен ұтты. Бублик бұл матчте 19 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Казо 7 эйспен шектелді.

Енді Александр келесі айналымға өту  үшін америкалық Томми Пол немесе финляндиялық Отто Виртанның бірімен ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар