Теннис

Қазақстандық теннисші жұптық сында ITF турнирінің жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші жұптық сында ITF турнирінің жартылай финалына өтті
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейхте (Мысыр) өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалына өтті.

Бұл жарыста екінші нөмірлі ракетка ретінде тіркелген Ломакин ресейлік Евгений Филипповпен бірге ширек финалдық кезеңде мысырлық Акрам Әл-Саллали мен голландиялық Метт Ротчерринг жұбымен ойнады.

Бұл кездесуде қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:4, 7:6 (7:3) есебімен ұтты.

Енді Ломакин - Филиппов финалға жолдама үшін словакиялық Филип Крослак және  словениялық Ян Куксиспен шеберлік байқасады.

Басқа спорттық жаңалықтар