Теннис

Скатов Труадағы челленджерді сәтті бастады

Скатов Труадағы челленджерді сәтті бастады
Instagram/@skatov_timofey

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Францияның Труа қаласында өтіп жатқан челленджер сериясындағы турнирді жеңіспен бастады.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда швейцариялық Мика Брунолдпен екі жарым сағаттық матч өткізді.

Бірінші партияда Скатов қарсыласын 6:1 есебімен тас-талқан етсе, екіншісінде Брунолд есе қайырды – 7:6 (7:5). Дегенмен шешуші сетте Тимофей жеңісті жұлып алдыі – 6:3. Бұл кездесуде Скатов 3 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Швейцариялық теннисші 3 эйс, 1 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады.

Енді Тимофей Скатов ширек финалға өту үшін корт қожайындары Матис Эрхард пен Максенс Ривет кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар