Теннис

Былтыр бірінші айнлымнан аспаған Путинцева Уимблдонды биыл сәтті бастады

Былтыр бірінші айнлымнан аспаған Путинцева Уимблдонды биыл сәтті бастады
ҚТФ

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің екінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда «Үлкен дулыға» жарысының үш дүркін чемпионы, әлемнің экс 1-ракеткасы, қазіргі кезде 221-орында тұрған германиялық, 36 жастағы Анжелика Кербермен кездесу өткізді.

Путинцева қарсыласын бір сағат 17 минутта 3:0, 6:3 есебімен ұтты. Бұл матчте қазақстандық теннисші 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Кербер 4 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.

Енді Путинцева үшінші айналымға өту үшін әлемнің 36-ракеткасы, чехиялық Катержина Синякова мен 164-сатыдағы канадалық Марина Стакушичтің матчінің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, былтыр Путинцева Уимблдонда бірінші айналымнан аса алмаған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар