Теннис
Попко Румыниядағы Челленджердің екінші айналымына өтті
ҚТФ
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Брашовтағы (Румыния) Челленджер турнирінің 1/8 финалына өтті.
Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуінде әлемдік рейтингіде 458-орында тұрған чехиялық Гинек Бартонмен ойнады. Попко чехиялық қарсласын бір жарым сағатта 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Бұл матчте қазақстандық теннисші 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.Бартон 4 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) көзге түсті.
Попконың екінші айналымдағы қарсыласы кейін анықталады.