Теннис

Рыбактина Уимблдонды сәтті бастады

Рыбактина Уимблдонды сәтті бастады
wimbledon

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирін жеңіспен бастады.

Бұдан екі жыл бұрын осы «Үлкен дулыға» жарысында чемпион атанған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда румыниялық Елена Габриэла Русемен бір сағат 10 минут ойнап 6:3, 6:1 есебімен ұтты. Бұл матчте қазақстандық спортшы 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Русе 2 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді.

Осыған дейін қарсыластар екі жыл бұрын Майамиде кездесіп, онда Рыбакина 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жеткен еді.

Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін енді германиялық Лаура Зигемундпен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар