Қазақстан футбол Премьер-лигасы

«Елімай» сапына тағы бір футболшы кетті

 «Елімай» сапына тағы бір футболшы кетті

Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Берік Айтбаев Семейдің «Елімайынан» кетті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Ол өткен маусымның басында клубқа қосылып, команданың Қазақстан премьер-лигасына шығуына көмектесті.

Биылғы маусымда Айтбаев ҚПЛ-да тек үш ойынға қатысты. Бұған дейін семейлік командадан ресейлік Егор Сорокин мен сенегалдық француз Сада Тиуб кеткен болатын.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Андрей Карпович шәкірттері 12 матчтан кейін 19 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінде бесінші орында тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар