Футбол

"Лион" командасын Брюно Женезьо жаттықтыра бастауы мүмкін

Sport.ua

"Лион" футбол клубын франциялық маман Брюно Женезьо жаттықтыруы мүмкін, деп жазады L'Equipe. 

Өткен бейсенбіде франциялық клуб бас бапкер Фабио Гроссоны орнынан босатқан болатын. Ол команданы қыркүйектен бері екі айдай ғана жаттықтырды.

19 қарашада "Ренн" командасын жаттықтырып жүрген Женезьо де босай қалды. Тараптар келісімшартты екі жақты келісіммен үзді. 

Женезьо 2007 - 2009 жылдары "Лионның" скауты болған, кейін екі маусым екінші командамен жұмыс істеді. 2011 - 2015 жылдары негізгі құрам бапкерінің көмекшісі, ал одан кейінгі төрт маусым бас бапкер болды.

Басқа спорттық жаңалықтар