Кәсіби бокс

Ауыр салмақтағы қазақ боксшы рингке қайта оралады

Ауыр салмақтағы қазақ боксшы рингке қайта оралады
Sports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ернар Ешенов (6-1, 5 КО) жеті жылдан кейін рингке қайта оралады.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Ешеновтың келесі жекпе-жегі 13 шілде күні Екатеринбургте (Ресей) өтеді. Қарсылас кәсіпқой рингтің жергілікті дебютанты Абубакар-Салах Муцелханов болады. Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Ернар Ешенов үшін бұл 2017 жылдан бергі бірінші жекпе-жек болмақ. 

Ешенов кәсіпқой бокстағы дебютін 2016 жылы өткізіп, мансабында Қазақстан, Таиланд, Англия, Өзбекстан және Ресейде жекпе-жек өткізген. Ал соңғы рет Санкт-Петербургте беларусьтік Андрей Долгожиевті (10-42-2, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар