Қазақстан футбол Премьер-лигасы

"Астана" сапына еуропалық ойыншыны қосты

fcastana.kz

"Астана" футбол клубы албандық жартылай қорғаушы Назми Грипшимен келісімшарт жасасты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Назми – Албанияның тумасы. 26 жастағы аяқдопшы мансабының көп бөлігін "Астана" 2023/24 жылғы маусымда УЕФА Конференциялар лигасында кездескен "Балканиде" өткізді. Ол шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында ойнайды, әрі оң не сол қанат шабуылшысы ретінде өнер көрсете алады.

Назми Косоволық командасы сапында 31 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. "Скендербеу" қатарында 14 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді. Албандық  ойыншымен келісімшарт 2 жыл мерзімге жасалды.

Басқа спорттық жаңалықтар