Теннис

Александр Бублик Уимблдон турнирінің екінші айналымына өтті

Александр Бублик Уимблдон турнирінің екінші айналымына өтті
ktf.kz

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің екінші айналымына өтті.

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші 18 жастағы чехиялық Якуб Меншикпен тартысты матчте камбэк жасады. Бастапқы екі сетте Меншик шеберлік танытты – 6:4, 7:6 (7:2). Бұдан кейін ойын тізгінін қолына алған Бублик камбэк жасай алды – 6:4, 6:4, 6:2. Үш сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 32 эйс жасап, 23 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Меншик 14 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.

Александр Бублик үшінші айналымға өту үшін бельгиялық Зизу Бергс пен франциялық Артур Казо матчінің жеңімпазымен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар