Теннис

Рыбакинаның басты бәсекелестерінің бірі тағы бір жарыстан бас тартты

Рыбакинаның басты бәсекелестерінің бірі тағы бір жарыстан бас тартты
Sports.kz

Әлемнің 3-ракеткасы беларуссиялық Арина Соболенко иығынан алған жарақатына байланысты Уимблдон турниріне қатысудан бас тартты.

Теннисші әлеуметтік желідегі парақшасына осындай шешімге келгенін жеткізді.

«Ойнай алмайтынымды бәріңізге үлкен өкінішпен хабарлауға мәжбүрмін. Турнирге барынша дайын болуға тырыстым, бірақ бүгін жаттығу кезінде өз командам бұл ойын жағдайымды күрделендіре түсетінін түсіндірді», деп жазды теннисші.

Бұдан бұрын Соболенко Берлиндегі жарыста Анна Калинскаямен матч кезінде де бәсекеден бас тартқан еді.

Басқа спорттық жаңалықтар