2024 Еуропа Чемпионаты

Франция автогол арқасында Еуро ширек финалына өтті

Франция автогол арқасында Еуро ширек финалына өтті
x.com/EURO2024

Франция мен Бельгия құрамалары 2024 жылғы Еуропа чемпионатында 1/8 финал матчін өткізді.

Дюссельдорфта өткен кездесуде бір ғана гол соғылды. Тартысты ойынның 85-минутында ғана Рандаль Коло-Муани тепкен доп Ян Вертонгенге тиіп барып қақпаға кірді.

Осылайша, автогол бельгиялық қорғаушының есебіне жазылды.

Басқа спорттық жаңалықтар