ММА

Шавкат Рахмонов 15 қарсыласын жеңген ирландиялықпен айқасқа келісті

Шавкат Рахмонов 15 қарсыласын жеңген ирландиялықпен айқасқа келісті
ufc.com

UFC-де өнер көрсететін ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпе-жекке шыққысы келетінін кезекті рет мәлімдеді.

Бұл туралы ол Лас-Вегастағы UFC 303 турнирінде америкалық Майкл Пейджді (22-3) жеңгеннен кейін айтты.

"Мен онымен бірге жаттыққанмын. Оған құрметтен басқа сезімім жоқ, бірақ мен оны жеңген алғашқы файтер болғым келеді және олай істей алатыныма сенемін", - дейді ирландиялық.

Рахмонов бұл жазбаға бірден жауап берді.

"Иэн жаттығу кезінде не болғанын ұмытып қалған сияқты. Мұны оның есіне салуға қарсы емеспін", - деп жазыпты Шавкат.


Басқа спорттық жаңалықтар