Футбол

"Фулхэмді" ұтқан "Тоттенхэм" АПЛ-де жеке-дара көш бастады

"Тоттенхэм" Англия чемпионатының 9-тур матчіндегі жеңістен кейін АПЛ-де көш бастады. 


Энджа Постекоглу жаттықтыратын команда өз алаңында "Фулхэмді" 2:0 есебімен ұтты. 36-минутта Сон Хен Мин есеп ашты. Одан кейін  54-минутта Сон Хен Мин жасаған пастан Джеймс Мэддисон есепті еселеді - 2:0. 


Осы жеңіс арқасында "Тоттенхэм" 23 балл жинап, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Екінші орында "Манчестер Сити", ал үшінші "Арсенал". 

Басқа спорттық жаңалықтар