Кәсіби бокс

Олимпиада чемпионы мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді

Олимпиада чемпионы мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді
Видеодан кадр

Майамиде өткен бокс кешінде жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін кубалық Робейси Рамирес (14-2, 9 КО) пен мексикалық Брендон Леон Бенитес (21-3, 9 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, бірақ жетіншісінде Рамирес жасаған апперкоттан кейін Бенитес жекпе-жекті жалғастыра алмай қалды.

Рамирес Олимпиаданың екі дүркін чемпионы (2012, 2016) және Панамерика ойындарының (2011) жеңімпазы.


Басқа спорттық жаңалықтар